Санкция астындағы Ресейдің Қазақстанға әсері

2014 жылдан бастап Ресей экономиаксына, Үкіметіне, бизнес элитасына АҚШ, ЕО және басқа да батыс елдер санкциялар қабылдап жатыр. Басты себеп – сол Батыс елдердің Ресей билігінің Украина, Сирияға қатысты саясатына қарсылығы. Бұған қарсы Ресей де жауапты санкциялар қабылдады. Осы санкциялардың қорытындысы ретінде көрші мемлекеттің экономикасы, оның валютасы, сауда айналымы бүгін тұрақсыз. Негізінде, Батыс елдердің Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстанға да тиер кері әсері бар – себебі Ресей біздің басты экономикалық серіктес. Осы жылдың Қараша айында АҚШ-тан, Ресейге қарсы тағы санкциялар күтілуде, көбінесе банктеріне қарсы. Жалпы бұл негативті фактор қашанға дейін жалғаспақ, Қазақстанға тиер әсері қандай және ел экономикасына қандай шаралар қолдану керек деген сұрақтарға жауап іздеп көрмекшісміз.

Студия қонақтары: экономист - Айжан Мұқышбаева; макроэкономикалық зерттеу және болжамдау орталығы директорының орынбасары - Мадияр Кенжебұлат.

Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу