Туризм саласына стратегиялық инвесторлар тарту

ҚР 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда туризм саласы арнайы кластер болып белгіленген және еліміздегі басым салалардың қатарына кіреді. Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Тайланд және Малайзия елдерінің осы саладағы алдыңғы қатарлы тәжиребесіне көз салсақ, бұл бастаманың дұрыстығы айқын. Себебі әлемдік туристік ұйымның ақпаратына сәйкес 2016 жылы туризм экспорты химиялық өнімдер мен отын жанармай тауарынан кейін 3-ші орынға ие болған. Туризм саласы дамыған елдерде Жалпы Ұлттық өнімнің 15%-ын және әрбір 11-ші жұмыс орнын қамтып отыр. Қазақстанда туризм саласы ЖҰӨ тек 0,6% қамтыған. Дегенмен бұл саланы әрі қарай дамытудың жолдары - бұл мемлекеттік қолдау және зәкірлік инвестиция. Осы бағыт бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарында 57-қадам ретінде Туристік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар статегиялық инвесторлар тарту шарасы қарастырылған.

Студия қонақтары: Мәдениет және спорт министрлігі, Туризм индустриясы комитетінің төрайымы орынбасары - Жалғас Балғожин және Елордалық туризм қауымдастығының президенті - Айгерім Мұхамеджанова.

Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов.

 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу