Инвестициялық саясат - ұлттық экономикалық идея. Инвестиция елді тығырықтан шығаруға, өндіріс орындарының өнімін арттыруға, басқа ірі салаларды дамытуға зор әсер етеді. Осы орайда бүгінде жеңілдетілген индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тікелей инвестициялар тарту - басты міндет. Бұл "Қазақстанның 3-ші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі" атты елбасы жолдауында да айтылған.
Студия қонақтары: ҚР ИДМ Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары - Лариса Жұмағалиева және экономист - Ерболат Мұхамеджан.
Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов.