2013 жылдың 30 мамырынан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған жасыл экономикаға көшу туралы қаулы күшіне енді. Бұл қаулы қалай жүзеге асуда? Халықтың жасыл энергетика туралы түсінігі молайды ма? Біздің өнеркәсіптер баламалы энергетикаға икемделген технологияға дайын ба?
Студия қонақтары: жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясының басқарма төрайымы - Салтанат Рақымбекова; энергия тиімділік жəне ресурсты үнемдеу Қоғамдық палатасының басқарма төрағасы - Елдар Абақанов; Primus Power Kazakhstan компаниясының бас директоры – Руслан Рақымбаев.
Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов.