16 млн қазақстандықтың жеке дерегі қолды болды

Коллекторлар қазақстандықтардың жеке деректерін заңсыз иемденіп, барлығын бір арнайы ақпараттық жүйеге жинақтаған. Заңсыз түзілген тізімде 16 миллионға жуық ел азаматына қатысты мәлімет сақталғаны айтылуда. Егер бұл дерек расталса, біз соңғы жылдардағы ең ірі ақпараттық қауіпсіздік дауларының біріне куә боламыз. Құқық қорғау органдарының дерегінше, бұл базадан азаматтарды тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН-і тіпті ұялы телефон нөмірі арқылы іздеуге мүмкіндік болған. Заңсыз әрекетті Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері прокуратура және Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаментімен бірлесіп анықтаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында деректер базасын ұйымдастыруға және пайдалануға қатысы бар деген күдікпен 3 адам ұсталыпты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу