Мемлекет енді бюджет қаржысының қайда жұмсалып жатқанына ғана емес, сол ақшаның кімнің қалтасына түсіп, қандай экономикалық нәтиже беріп жатқанына да мән бермек. Өйткені мемлекеттік тапсырысқа бөлінген миллиардтар шетелдік компаниялардың өндірісін емес, ең алдымен Қазақстан экономикасын дамытуға жұмыс істеуі керек. Үкімет осындай талап қойып отыр.