Пандемияның қашан басылары белгісіз. Қазақтанда коронавирус пен пневмония статистикасы 1 тамыздан бірге есептелетін болды. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолдап отыр. Қазір елде 66 895 адамда вирус анықталған. Оған пневмония дерегі қосылмаған. 1 тамыздан статистика біріккенде бұл көрсеткіш еселеп артары сөзсіз. Әлемде науқас саны 13 миллион 800 мыңнан асты. Өкінішке орай 590 мың адам вирустың құрбаны болған. Апта соңында ел ақпары мен әлем жаңалығына шолу ұсынамыз! Не болып жатыр? Бірге тарқатайық!