Тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдарында елімізде алғаш рет Әскери-теңіз күштері құрылған. Кеше 2-сәуірде Қазақстан Әскери-теңіз күштеріне 30 жыл толды. Бұл айтарлықтай дата. Әрине, Әскери-теңіз күштерін ұйымдастыруға, оның техникалық базасы мен инфрақұрылымын жасауға бірнеше жыл кеткен. Ал 2003 жылдың мамырында Қарулы күштердің дербес түрі болып түпкілікті қалыптасты. Содан бастап Әскери-теңіз күштері мемлекеттік шекараны, Ақтау, Баутино, Құрық порттары сияқты стратегиялық нысандарды, жасанды аралдарды, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы құбырлар мен кен орындарын қорғайды.