Шілдеден бастап шетелдік маркетплейстерден алынған тауарлар жаңа тәртіппен рәсімделеді. Құны 200 еуроға дейінгі сатып алуларға бұрынғы талап сақталады. Ал одан қымбатқа зат алдырар болсаңыз, кедендік баж бен 16 пайыздық қосылған құн салығын төлеуге дайын болыңыз. Бұл өзгерістер елге келетін өнім құнын қымбаттатпай қоймайды. Жаңа талаптар тауар құнын қаншалықты құбылтады дегенге сарапшылардың берер жауабы әр түрлі. Сауданың бұл түрін кәсіп еткендердің де бастамаға берген бағасы бірдей емес.