САТПАЕВ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БЕРЕКЕСІН ҚАШЫРҒАН ТҮН

Қарағанды облысындағы кеншілер қаласында кешегі түннің берекесі қашты. Әлеуметтік желіде түн жарымда жарияланған бейне жазбаларда қала халқының кішкене бүлдіршінді сабыла іздегені айтылды. Баланың жоғалғанына алаңдаған жұрттың қарасы да көп болғаны мәлім. Бірнеше сағаттан соң баланы көрші пәтерде ер адамның ұрлап, тығып отырғаны анықталды. Адамдар баланы ұрлаған айуанды жұрттың қолына беруді талап еткен. Жағдайдың ушыққаны соншалық, бұл мәселені Президент жеке бақылауына алды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу