Қазақстандағы ақылы жолдардың сапасы туралы мәселе тағы да күн тәртібіне шықты. Бұл жолы Астана – Павлодар автобанында аптап ыстықтың салдарынан бетон плиталары ойнап, жол төсемі бүлінді. ҚазАвтоЖол жағдайға қатысты пікір білдіріп, аталған бағыттың 1356 шақырым учаскесінде цементбетон жабынының көтерілуі анықталғанын мәлімдеді. Ұлттық компания қкілдері автобанның ақауы ауа температурасының +35 +37С-қа дейін күрт көтерілуінің салдарнынан пайда болды деп пайымдайды. «Мұндай жағдайда бетон плиталары температуралық кеңейіп, жабын ішінде ішкі кернеулердің пайда болуына және соның салдарынан жол жабынының көтерілуіне әкелуі мүмкін», - деп түсіндірді компания мамандары.