Жұмысқа жегілгендер көбейіп келеді

Елімізде нормадан артық жұмыс істейтіндер саны көбейіп келеді. Соңғы бір жылда жұмысқа жегілгендердің саны 170 мыңға артып, 1,4 миллион адамға жетіпті. Пайызбен есептесек өсім 14 пайызға жуықтайды. Мұндай ақпаратты Finprom.kz аналитикалық порталы таратты. Аптасына 41 сағаттан артық жұмыс істейтіндердің көбісі орта жасатағы азаматтар екен. Ал жастар арасында бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде төмен көрінеді. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу