Мемлекеттік органдар мен жекеменшік сектордың бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесінде қазір еліміздің 4 қаласында (Түркістан, Шу, Семей, Талдықорған) бұқаралық спортты дамытуға арналған спорт кешендері қызмет көрсетуде. Әрқайсында 350-500 адамның спортпен тегін шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Келесі жылы осындай кешен Үшарал, содан кейін Ақтөбе және Қостанай қалаларында бой көтереді. Жобаның артықшылықтары туралы "Тарлан батырлары" ЖШС Бас директоры, белгілі боксер Бақтияр Артаевтың сұхбатында.
Жүргізуші: Жігер Әзбергеннов.