Қыстың алғашқы күндері ерекше спорттық шарамен есте қалды. 3-4 желтоксан аралығында бұрын соңды ел тарихында болмаған «Конфедерация Кубогы» атты үлкен жарыс Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешенінде өтті. Оған Тимур Құлыбаевтың ұйғарымымен 125 млн. теңгелік жүлде қоры тігілді. Дүбірлі дода және оның жеңімпаздары туралы Дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Сәменбекұлы Мықтыбеков және Маңғыстау құрамасы сапында Конфедерация Кубогын жеңіп алған даңқты боксшымыз Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтың сұхбаты.
Жүргізуші: Жігер Әзбергенов.