Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламалары

Барлық олимпиада комитеттері жыл сайын олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламалары үшін қомақты қаржы бөледі. Ол спортшылар, олардың бапкерлері және түрлі спорттық жарыстарды ұйымдастырушылар үшін кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында қарастырылған. Бағдарламаның 14 бағыты бар. Қазақстандықтар соның 10-ына қатысып, шәкіртақы алу мүмкіндігіне ие. Оған қашан және қалай қол жеткізуге болады? Осы және өзге де сауалдардың жауабын ҚР ҰОК Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Әлімжан Ақаевтың сұхбатынан біле аласыздар.

Жүргізуші: Жігер Әзбергенов.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу