Мемлекет кәсіпкерге шын мәнінде қаншалықты қолдау көрсетіп отыр? Бүгінгі кәсіпкердің басты күресі не — салық па, бәсеке ме, әлде бағаның тұрақсыздығы ма? Ішкі нарықты кім ұстап тұр, ал ертеңгі бизнес қандай бағытқа бет алады?
Осы және өзге де өзекті сауалдар төңірегінде кәсіпкер Ерлан Ордабаевпен ашық әңгіме өрбітеміз. Сауда саласындағы серпіліс, шағын бизнестің бүгінгі ахуалы, онлайн нарықтың ықпалы мен кәсіпкерлердің күнделікті кездесетін қиындықтары — барлығы осы шығарылымда.