Түскі формат жаңалықтары:
• Бюджетке енгізілген өзгерістерді енді депутаттар талқылай алмайды. Құжат бірден Президенттің қол қоюына жіберіледі. Неге?
• Банктер мен ломбардттарда қарызы барларға жеңілдіктер жасалатын болды. Оған кімдер ілігеді? Пандемияға байланысты алғаш рет онлайн өткен Үкімет отырысынан тілшіміз Айзат Қайырлыбекқызы айтып береді...
• Бизнеске де төтенше жағдай кезінде қолдау көрсетілетін болды. Қандай? Әріптесім Жалғас Зейнолладан білеміз...
• Жолаушылар пойыздары, автобустар тоқтатылып, ұшақтар ұшпайтын болды. Алдын ала алынып қойған билеттердің құны қайтарыла ма?
• Елімізде КОВИД-19-ды жұқтырған тағы үш адам анықталды. Оның бірі екі жастағы бала. Науқастанғандар инфекцияны қайдан, қалай жұқтырған?
• Бұл уақытта АҚШ коронавирусқа қарсы екпені сынақтан өткізе бастады. Нәтижесі бар ма? Вакцина қашан қолданысқа шығарылады? Бұл сұрақтардың жауабын сәлден соң білесіздер...