Әлеуметтік желілер ақпарат алмасудың ең жылдам әдісіне айналды. Біреулер түрлі жағдайларға қатысты өз ой-пікірлерімен бөліссе, басқалары тауарын сатып, нәпақасын тауып отыр. Олардың қатарына соңғы уақытта діни уағыз айтушылар қосылды. Олардың бұл әрекеті әдеп нормаларына, заң талаптарына қаншалықты сай?