Әлеуметтік топтың хал-ахуалын жақсарту үшін әзірленген жаңа кодекс 1-шілдеден бастап күшіне енеді. Жобаға сай келесі айдан бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақыға 25 мың теңге қосылады. Төлемді 90 мың әйел алады. Одан басқа мүгедектігі бар адамдарға, оларға күтім жасайтындар мен асыраушысынан айырылған отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 14,5%-ға артады. Қымбатшылық қысып тұрған шақта жәрдемақы көлемін 20%-ға жетер-жетпес көбейту дұрыс па? Айтарыңыз болса, пікір жазуға болады.