Елімізде қазір 5 мыңнан астам заңды тіркелген БАҚ бар. 200-ге жуық телеарна көрермендердің көзайымы болып жүр. Одан бөлек 85 радио толқыны тіркелген. Бір ерекшелігі кейінгі 5 жылда ақпараттық порталдардың үлесі артқан. Елде 1 мыңнан астам сайт жұмыс істейді. Төртінші билік саналатын сала мамандарының еңбегі еленіп жүрме? Еске салсақ, Мәжіліс қарауынан өткен масс- медиа туралы заң жобасы журналистика деңгейін көтеруге ықпал ете ме? Қазақстанда сөз бостандығы қандай деңгейде? Бүгін "Түскі формат" эфирін қазақ журналистикасының жай-күйіне арнадық.