Түркістанда өткен Құрылтайда идеология, ұлттық құндылықтар тақырыбына ерекше назар аударылды. Оның ішінде Президент бала тәрбиесіне ерекше тоқталды. Шынын айту керек, ата-анамен қатар өскелең ұрпаққа әлеуметтік желілердің де әсері орасан. Осы виртуалды кеңістіктен балаңыз қандай ақпарат алып жүр? Не көріп, не тыңдайтынына назар салдыңыз ба? Интернетте барынша пайдалы контент көлемін көбейту үшін не істеліп жатыр?