Зейнетақы қорында 14 трлн теңге қалды.
Былтыр 1.5 млн азамат қордағы қаражатқа баспана алды.
Қаржы министрі азаматтардың қаржысы азайғанын мәлімдеді.
1-шілдеден бастап елдегі 78 азамат зейнетақы қорындағы қаражаттарын пайдалана алады. Тек бұл жолы ІІМ, қауіпсіздік комитеті, қорғаныс министрлігі мен антикор қызметкерлері ғана жинақтағы ақшасын пайдалануға рұқсат берілмек. Экономистер қорға қайта-қайта қол салуды құптамайды. Үкімет отырысында бас қаржыгер Ерұлан Жамаубаев та азаматтардың зейнетақы қорында аз қаражат қалғанын айтты. Кәрілікке деп жиған қаржыны осылай жұмсау дұрыс па?