Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Осы орайда мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Бұл тәмсілді берік ұстанған кәсіпкер- Ұлан Ақылбеков, өз туған ауылында балабақша тұрғызып, жас өрендерді тәрбилеуде өз үлесін қосып жатыр. Бұл игі бастаманы көрші жатқан ауылға жалғастыруды көздейді.