03.11.2020 13:00 Túski format

Жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайды! Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов қамауға алынды. Экс-басшыға қандай айыптар тағылды? Экономикалық тергеу қызметі таратқан мәліметті сәлден соң назарларыңызға ұсынамыз.

Мемлекеттік шекарадағы шектеулер күшейтілді. Шетелдіктердің кіріп-шығуы қатаң бақыланып, визасыз режим тоқтатылады. Шектеулер қашанға дейін жалғасады? Жаңалықтар барысында білесіздер.

Венада теракт жасалды.Салдарынан бірнеше адам жараланды. Қаза болғандар да бар. Қазақстанның азаматтары аман ба? Сыртқы істер министрлігі анықтады.

Ал Түркиядағы зілзаладан қаза тапқандар саны 100-ге жетті. Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жығылғаның үстіне жұдырық. Лира тағы да рекордтық деңгейге түсіп, Түркияда рецессия болуы мүмкін.

Тендерге қойылған Шымкент әуежайы тағы да сатылмады. Оған себеп болған не? Еліміздегі мемлекет қарауындағы әуежайлар жабылуы мүмкін бе? Түскі форматтың сараптама бөлімінде айтамыз...

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу