Түскі формат жаңалықтары:
• 425-І БАҚИЛЫҚ БОЛДЫ, 20 МЫҢНАН АСТАМЫ ЖҰҚТЫРДЫ. Тіпті, бір күн ішінде індет ошағы болған Хубей провинциясында 65 адам көз жұмды.
• САҚТАНСАҢ, САҚТАЙДЫ! Қыста түскен қалың қардың салдарынан 5 өңірде су тасқыны болуы мүмкін.
• ӘКІМДЕР ӘРЕКЕТСІЗ ОТЫР. Шенеуніктердің азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бергені анықталды.
• ОНЛАЙН ӨМІР. Министрліктер цифрлық жүйеге өтпесе де, биыл бюджеттік жоспарлау қағазсыз жүргізілмек.
• БРЕКСИТТЕН КЕЙІНГІ АЛАСАПЫРАН! Олигархтар Ұлыбританиядағы баспаналары мен бизнестерін жаппай сатып жатыр.