Түскі формат жаңалықтары:
• Бас прокурор ғалымды соттай алмады. Ғалымжан Мамытбековтың кінәсіз екені Жоғарғы сотта дәлелденді.
• Босқындарды бизнеске айналдырған. Қостанайлық ерлі-зайыптының қылмысын Ұлттық Қауіпсіздік комитеті әшкереледі.
• Мың асқанға – бір тосқан. Байланыс операторларына бір реттік абоненттік төлемді айға толмай алуына тыйым салынады.
• Интернеті жоқ мектептер қағазбастылықтан арылмайтын болды. Енді ондағы электронды күнделіктер де алынып тасталады.
• Қамқор шенеунік. Білім және ғылым министрі мен Елорда әкімі, енді, кеудеге массаж жасап, тіпті, ауызбен дем бере алады.