Түскі формат жаңалықтары:
• ҚОСЫМША ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ. Қазақстан коронавирусқа қарсы күрес үшін бөлінген соманы 3,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтпақ.
• «ҚАРА» ҚАРДЫҢ СЕБЕБІ. Қарағанды облысының әкімі ауаға зиянды қалдықтар "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының комбинатынан шыққанын мойындады.
• ОЛЖАЛАРЫН КӨМІП ТАСТАҒАН. Түркістан облысында қарақшылар кәсіпкердің үйінен қымбат тон мен алтын бұйымдарды тонап кеткен.
• ҰТЫС ОЙНАТУШЫЛАР ЖАЗАЛАНАДЫ. Парламент Лотерея туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады.