Түскі формат жаңалықтары:
• Сенатор вице-министрді қызметінен кетірді. Басы дауға қалған Фатима Жақыпова басқа жұмысқа ауысатын болды.
• Еліміздегі кел-келген жоғарғы оқу орнының дипломын интернет арқылы оп-оңай сатып алуға болады. Бұған көз жеткізген тілшіміз, құжаттың құны қанша екенін анықтады.
• «ҚазАвтоЖол» халықты қанауын қашан тоқтатады? Осылай деген депутат Айқын Қоңыров ақылы жолдардың мәселесін алға тартты.
• Елорданың ең шығынды жобасына айналған «Астана LRT» өзін-өзі ақтау үшін 38 жыл қажет. Есеп-қисап жүргізіп көрген қаржыгерлер тағы нені анықтады?
• Қыруар қаржы жұмсалса да, құрылыс жұмыстары сапасыз жүргізілген. Өскемендіктер мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерден жаппай бас тартуда.