Түскі формат жаңалықтары:
• 19 ПОЛИЦЕЙ ЗАРДАП ШЕКТІ! Қордайдағы қақтығыс кезінде олардың тең жартысына оқ тиген.
• ЕЛШІ ҮЙГЕ ҚАМАЛДЫ! Еңбек демалысында еліне барып келген дипломат Қытайдағы карантин мерзімі біткенше сыртқа шықпаймын дейді.
• ПАРТИЯНЫ ТІРКЕУДІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ! Енді Парламентте жастар мен әйелдердің саны артпақ.
• «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ИНВЕСТОР АТАНА МА? Ұлттық компания Каспий маңдағы кен орындарына тартылуы мүмкін.
• ҚАРЖЫНЫ ТИІСТІ МАҚСАТТА ЖҰМСАМАҒАН! Министр бюджетті игеруге немқұрайлы қараған өңірлердің тізімін жариялады.