Түскі формат жаңалықтары:
• АЛМАТЫДА ЖАРЫЛЫС БОЛА ЖАЗДАДЫ! Жанармай бекеті өртеніп, жұрттың үрейін ұшырды. Көз жұмғандар бар ма? Оқыс жайттың эксклюзивті кадрлары сәлден кейін...
• АУЗЫНАН ЖЫРЫП ОТЫР! Шенеуніктер мұқтаж жандарды атаулы әлеуметтік көмектен бас тартуға мәжбүрлеуде. Әкімдіктегілердің уәжі қандай? Алда айтамыз!
• ШЕНЕУНІКТІҢ ӨЗІ БЮДЖЕТКЕ 65 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЫЗ! Салықтан жалтарған атқамінер тек сөгіспен құтылды. Шендінің қалай мұндай қарызға белшеден батқанын тілшілеріміз анықтады.
• НЕСИЕ АРЗАНДАЙДЫ! Банктер пайыздық мөлшерлемені болашақта төмендетуі мүмкін. Мұның астарында не жатыр? Экономистер пікірін хабар барысында ұыснамыз!
• АККАУНТСЫЗ «YOUTUBE»! Танымал видео хостингі көптеген азаматтардың жеке парақшаларын жауып тастамақ! Салдарынан сайтқа қолжетімділік шектеле ме? Сұрақтарға жауапты айти ньюстан білесіздер!