Түскі формат жаңалықтары:
• Елорда әуежайында боранға байланысты бірқатар рейс кейінге шегерілді. Желдің күштілігі сонша, қаланың қақ ортасындағы құрылыс алаңының қоршауы құлап қалды.
• Еліміздегі 5 мың фермерлік шаруашылықтың мәселесі жалпы астық әлеуетін ақсатады. Бұған биылдан бастап қүшіне енген заң түрткі болмақ.
• 5 мемлекет Ираннан ұшақ апаты құрбандарының туыстарына қаржылай көмек беруді талап етті. Сондай-ақ, олар тәуелсіз тергеу жүргізілуін қалайды.
• Елімізде кибершабуылдар саны көбеймесе, азаймай тұр. Қазір хакерлер ұялы телефондар арқылы бопсалауға көшкен.
• Елімізде әскери есепке алу науқаны басталды. Тіркеу ағымдағы жылдың наурыз айына дейін жалғасады.