Басты жаңалықтар. 18.09.2020 күнгі шығарылым / Түскі формат
Еліміздегі тағы бір банк лицензиясынан айрылды. Салымшыларға өтемақы қалай төленеді? Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіндегілердің жауабын Әнуар Кәрібозов білді.
Доллардың дәуірі аяқталуға жақын ба? ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер Қытаймен ұлттық валютасында есеп айырысуы қажет. Теңгеге одан келер пайда бар ма?
Енді мемлекеттік қызметтер мен электронды құжаттарды банктік мобильді қосымшалардан алуға болатын жүйе жасалады. eGov.kz –тің жұмысы тоқтай ма? Жауапты министрдің жауабы сәлден соң...
Қазақстан мен Түркіменстан арасында шекара маңындағы арнайы сауда аймағы пайда болуы мүмкін...Түркіменстан Президенті Қазақстан Үкіметі басшысымен кездесу кезінде талқыланған мәселе қашан жүзеге асырылады?
Елордадан Екібастұзға қоныс аударған бір топ отбасы кері қайтуға бел буды. Оған не себеп? Көші-қон саясаты ойдағыдай жүзеге аспай жатыр ма? Оны түскі форматтың сарапшысынан білеміз...