18.12.2019 13:00 Túski format

Түскі формат жаңалықтары:

• Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері жұмбақ жағдайда қаза тапты. Сыртқы істер министрлігінің өкілдері тергеуге қатысу үшін дереу Каирге аттанды. 
• Елімізде тағы бір топ-менеджер сотталды. Парақор басшы 500 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін 15 млн теңге айыппұл төлейтін болды. 
• Миллиондаған қазақстандықтың жеке мәліметтері шетелдіктердің қолына өтіп кеткен. Онда азаматтың аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы тіпті телефон нөмірлері де көрсетілген.
• «Олимп» салықтан жалтарып келген. Тексеру нәтижесі бойынша букмекерлік кеңсеге 145 млрд теңге көлемінде салық төлеу міндеттелді.  
• Мәскеу әуежайында есірткі препатының ірі партиясы тәркіленді. Құны 6 млрд рубль болатын метадон гуманитарлық көмек ретінде Орта Азия елдерінің біріне  жеткізілмек болған. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу