26.11.2019 13:00 Túski format

Түскі формат жаңалықтары: 

БЕНЗИН ҚЫМБАТТАЙДЫ. Үкіметтегілер алдағы уақытта жанармай бағасы 160 теңге болатынын жоққа шығармайды. Салдарынан азық-түлік құны одан бетер шарықтай ма? Министрдің жауабын алда көрсетеміз! 
РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ! Бір реттік несиелік жеңілдікке тағы 57 мың адам ие болады. Бұл жолы кімдердің кредиті кешірілмек? Жаңа тізімдегі азаматтар қайда жүгінуі керек? Сәлден кейін айтамыз! 
 «ӘЛІПТІҢ АРТЫН БАҚҚАН» ӘРІПТЕР! Елімізде латын әліпбиінің отызға жуық үлгісі талқыға түсіп жатыр. Жаңа нұсқасы қандай болуы мүмкін? Қазақ тілінің емлесі бұзылып, төл дыбыстарымызға жойылып кету қаупі бар ма? Жауапты мамандармен эксклюзивті сұхбат хабар барысында 
АҚЫРЫ, РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ! Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс уақытында смартфон пайдалануына болады. Ақпараттық қауіпсіздікке нұқсан келмей ме? Тілшілеріміз анықтады! 
БЛЮТУЗГЕ БАЙЛАНҒАН ВЕЛОСИПЕД! Қос дөңгелекті көлікті қолды қылу енді қиынға соғады. Бұрын-соңды болмаған мұндай электронды тұлпар туралы Ернар Тайжан Айти Ньюста айтып береді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу