Заңбұзушылықтардың басым бөлігі спирттік ішімдіктер әсерінен болатыны жасырын емес. Осындай заңға қайшы әрекеттер санын азайту мақсатында алкоголь сататын бар, мейрамхана, түнгі клубтар жұмысын сағат 11-мен шектеу туралы ұсыныс айтылды. Әзірге ішкі істер министрі елордадағы көңіл көтеру орындары туралы сөз етті. Оның қаншалықты пайдасы болады және бұл ұсынысқа қатысты бизнестің пікірі қандай?