Келесі жылдан бастап елдегі кәсіпкерлік жаңа тетік бойынша бақыланады. Үкімет пен "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы бизнеске 10 мыңнан астам заңсыз жүктеме барын анықтаған. Осы орайда саланы “таза парақтан” реттеу саясаты әзірленді. Бұл кәсіпкерлердің құқығын қорғауға көмектеседі. Мысалы былтыр 18 мыңға жуық кәсіпкерлерге талап жүктелсе, жаңа нормаға сай оның 40% жаңа тәсілдерге сәйкес келмейді. Яғни енді аяққа тұрып келе жатқан кәсіпке жөн-жосықсыз түртпектеу тыйылады.