Биыл аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау өтеді

Биыл 500-ге жуық  ауыл әкімі қайта таңдалады. Одан қалды облыстық маңызы бар қала, облыс әкімдері бәсекеге түседі. Оларға берілетін өкілеттік мерзім – 4 жыл. Және бір адам қатарынан екі реттен артық  креслосында отыра алмайды. Егер кандидат берген уәдесін орындамаса, мәслихат депутаттары дауыс беру арқылы оны қызметінен босатады. Саяси науқанның ерекшелігі ауыл әкімдерін жергілікті жұрттың өздері ұсынады.  Президент ауылдық жердегі әкімдердің 64%-ын тұрғындардың өздері ұсынғанын айтты. Әрі парламентке өткен партиялар да жақтастарын тізімге қосуына мүмкіндік бар. Осы арқылы біз Парламенттен бастап, шалғайдағы ауыл әкіміне дейін құрылымды өзгерте аламыз. Тоқаевтың жоспары іске асса, нәтижесін 1 жылдың ішінде көреміз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу