Көлік саудасына қатысты сауал көп. Шетелден тасымалданған техниканы заңдастыру мәселесі де түбегейлі шешілген жоқ. Бүгінде біздің автонарықта жергілікті халық тарапынан сұраныс жоқ. Елдегі көліктердің денін ресейліктер алып жатыр. Ал темір тұлпар алғысы келетін азаматтарымыз Грузия мен Араб әмірліктерінен арзанқол техника тасымалдауға әуес. Оны тіркеу және қауіпсіздігіне қатысы сұрақ жеткілікті. Қысқасы, елдің ақшасы сыртқа кетіп жатыр.