КРЕДИТТІК КАНИКУЛ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

НЕСИЕНІ ТӨЛЕУДІ УАҚЫТША ТОҚТАТАТЫН ЗАҢ ҚАБЫЛДАНУЫ МҮМКІН. Қазір қоғам талқысына шықты. Мысалы, декретке шығып, ай сайын төлем жасауға қабілетсіз болсаңыз, нақты себеп негізінде банк сізге "уақытша демалыс" береді. Сонымен қатар, елімізде алаяқтарға алданған азаматтардың шығынын банк өтейтін механизм дайындалып жатыр. Банк клиентінің ақпараттық қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда қаржы ұйымы жауапты болады. Бұл заң жыл соңына дейін қабылданбақ. Өзгерістер қордаланған мәселелерді шешуге сеп бола ма? Нәтижесінде не өзгереді? "Түскі формат" сарапшылары осы сауалдардың жауабын береді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу