МЕКТЕП ТАПШЫ! СЕБЕБІ МЕН САЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

Қазақстанда  250 мыңнан астам бала мектепке бара алмай жүр. Себебі орын жоқ. Егер қазір осы мәселені шешпесек, 2026 жылы жалпы тапшылық 1 млн 200 мыңға дейін жетуі мүмкін. Былтыр елде 230 мектеп салынған, оның басым бөлігі жекеменшік компанияларға тиесілі. Олар білгенін істеп отыр. Ал Солтүстік өңірде қазақ сыныптары жабылып жатыр.  Елордада бір аптадан бері  ата-аналар баласын мектепке тіркей алмай сандалып жүр. Жыл басынан халықты әбігерге салған электронды платформа оларды әбден шаршатыпты. Елорданың өзінде 26 мың оқушыға мектепте орын жетпей қалыпты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу