Дұрыс шешім қабыдамаған шенеуніктер бизнеске келтірген шығынды өздері өтеуі тиіс. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осындай ұсыныс айтты. Ол заңсыз кәсіпке жергілікті биліктің тікелей қатысы бар дейді. Мәселен, бас қалада бей-берекет салынған құрылыс нысандары үшін бизнес өкілдерін ғана жазалау жеткіліксіз.