Елімізде тұрғын үй саудасы өткен жылмен салыстырғанда 30% ға азайған. Жаңадан салынған баспаналар өтпей жатыр. Себебі халықтың айлығы шайлығына жетпейді. Әрі тиімді ипотекалық бағдарлама жоқ. Тұрғын үй нарығын не күтіп тұр? Құрылыс материалдарының қымбаттауы, баспана бағасын тағы шарықтатып жібере ме? Бүгін "Түскі форматта" осы мәселе талқыланады.