Бүгін сегізінші шақырылымдағы Мәжілістің алғашқы отырысы өтіп, жаңа да ішінара ескі депутаттар ант қабылдады. Сессияның ашылу рәсімінде сөйлеген Президент Тоқаев заң шығарушы органға бірқатар міндеттер жүктеді. Газ тарифі, азық-түлік қауіпсіздігі, қала маңындағы елді-мекендерді дамытуға қатысты маңызды мәселелеріді қозғады. Мемлекет басшысының тапсырмалары, олар қалай орындалады, жалпы Мәжіліс халық пен билік арасын байланыстыратын көпірге айнала ала ма?