Биыл республикалық маңызы бар 7300 шақырым жол жөнделуі тиіс. Оның жартысына жуығы ауыл және аудан арасындағы жолдар. Үкімет Батыстағы инфрақұрылымды жақсартуға баса мән беріп отыр. Шығыста да жағдай мәз емес. Абай облысы өртке оранғанда Президент келеді деп, жанталасып жолды жамай бастағандарды біздің арна көрсеткенін білесіздер. Жыл сайын бюджеттен жолға деп 100 млрд қаржы алатын өңірде неге жол жоқ? Қашан сапалы әрі тегіс жолмен жүреміз?