Ұлттық мейрамдардың қазақ тұрмысында алатын рөлі зор. Оның бірі халық көкейіне имандылықтың негізін қалыптасырса, енді бірі халықтық салт-сана мен дәстүрді ұмытпауға, ал енді бірі тәуелсіз ел ретінде басын тік көтеріп, болашақ ұрпағы алында өзін көрсетуіне мол мүмкіндік береді. Сол себепті де халқымыздың, мұндай ұлттық деңгейдегі тойларына қажетті деңгейде мән беріп, ұлтымен бірге қуану әр бір қазақ азаматының борышы екендігін есімізден шығармауымыз қажет.