Қазақ әйелдерінің киімге деген талғамы соңғы 5 жылда өзгерген. Батыстық сәннен жалыққан болуы керек, қазір ерекше, қолдан тігілген және ұлттық киімдерге сұраныс артуда. «ЗамандасLIVE» бағдарламасының осы шығарылымында жүргізуші Жания Әбдібек ұлттық киімдерді бизнеске айналдырған кәсіпкер Жанат Бақытты әңгімеге тартып, этностильдің қыр-сырымен танысқан еді.