Фриланс әлемдегі еңбек нарығындағы басты трендке айналды. Бұл үрдіс Қазақстаннан да айналып өткен жоқ. Елімізде қашықтықтан қызмет көрсететін мамандар көбейіп барады. Соңғы статистикалық дерек бойынша, тіркелген фриленсерлердің саны 7 мыңнан асады. «ЗамандасLIVE» бағдарламасының кезекті шығарылымында жүргізуші Жания Әбдібек фрилансерлермен сұхбаттасып, тәуелсіз жұмыстың қыр-сырын талдап көрген еді.
Бағдарлама қонақтары: Кәсіпкер - Диас Жорабеков, Журналист, блогер - Айжан Кәрібаева.
Жүргізуші: Жания Әбдібек