Параплан – бүгінгі таңда әркім меңгере алатын ең қолжетімді өте жеңіл ұшу аппараты. Ұшу деген әрине керемет, бірақ бұндай ләззат үшін физикалық және моральдік тұрғыдан жақсы дайындық қажет. Парапланмен ұшудың таңғажайыптарын «ЗамандасLIVE» бағдарламасының жүргізушісі Жания Әбдібек те сынап көрген еді.