Данияр Дәукей Лондондағы ең үздік Риджентс колледжін MBA бойынша тәмамдап келсе де, кейбіреулер секілді лауазымды қызметке ұмтылмады. Өзінің қазақ екенін мақтан тұтатын ол ұлттық құндылықтарды дәріптеп, кәсібінен нәсібін тауып жүр. Қазақтың қарабайыры мен төбеті, көкпарын ұлттық брендке айналдырды. «ЗамандасLIVE» бағдарламасында жүргізуші Жания Әбдібек Данияр Дәукейдің көкпар клубына арнайы барып қайтқан еді.