Күмістен көздің жауын алатын зергерлiк әшекей бұйымдар жасайтын шебер Ержан Нығметтің есімі көпшілікке танымал. Оның бұйымдары қазіргі заманға лайық етіп жасалғандығымен ерекше. Ержанның қиялынан туған зергерлік бұйымдардың әрқайсысына тән атауы мен мазмұны, тарихи мағынасы бар. «ЗамандасLIVE» бағдарламасының жүргізуші Жания Әбдібек Ержан Нығметтің шеберханасына барып қайтқан еді...